Саясаттар иерархиясы

Түрлі құрылғылар үшін түрлі параметрлер керек болса, сіз құрылғыларды басқару топтарына біріктіре аласыз.

Сіз бөлек басқару тобына арналған саясатты көрсете аласыз. Саясат параметрлерін иеленуге болады. Иелену – (тектік) басқару тобының жоғары тұрған саясатынан ішкі топтарда (еншілес топтарда) саясат параметрлері мәндерін алу.

Тектік топ үшін жасалған саясат тектік саясат деп те аталады. Ішкі топ (еншілес топ) үшін жасалған саясат еншілес саясат деп те аталады.

Әдепкі бойынша, Басқару серверінде басқарылатын құрылғылардың кемінде бір басқару тобы бар. Егер сіз басқару топтарын құрғыңыз келсе, олар Басқарылатын құрылғылар тобында ішкі топтар (еншілес топтар) ретінде құрылады.

Бір бағдарламаның саясаттары басқару топтарының иерархиясы бойынша бір-біріне әсер етеді. Жоғары тұрған (тектік) басқару тобының саясатынан бұғатталған параметрлер ішкі топтың саясат параметрлерінің мәндерін қайта тағайындайды (төмендегі суретті қараңыз).

Құлпы ашылған тектік саясат параметрлерін еншілес саясатта қайта тағайындауға және құлыптауға болады. Пайдаланушы тектік және еншілес саясаттардың параметрлерін өзгерте алмайды, өзгерту үшін тек құлпы ашылған параметрлер ғана қолжетімді.

Саясаттар иерархиясы

Басына оралу